https://sputnik.kz/20240419/qazaqstan-buqaralyq-futboldy-damytqany-ushin-uefa-nyn-marapatyn-aldy-43766603.html
Қазақстан бұқаралық футболды дамытқаны үшін УЕФА-ның марапатын алды
Қазақстан бұқаралық футболды дамытқаны үшін УЕФА-ның марапатын алды
Sputnik Қазақстан
УЕФА-ның бұқаралық футбол номинациясында Қазақстан Германия мен Чехияны артқа тастады 19.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-19T08:27+0500
2024-04-19T08:27+0500
2024-04-19T08:27+0500
футбол
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43764343_0:200:1280:920_1920x0_80_0_0_e55732aa23408438ef3018bf4dcbceee.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. УЕФА-ның штаб-пәтерінде бұқаралық футболдан 2023/24 жылғы "UEFA Grassroots Awards" марапаттау рәсімі өтті.2023 жылы ҚФФ өткізген "Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" 2023/24 маусымның УЕФА бұқаралық футбол марапаты аясында үздік футболға баулу жобасы деп танылды.Ньонда өткен марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин қатысты."Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" 2023 жылы бірнеше айға созылған болатын. Жоба балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайтуға және қолайлы әлеуметтік ортаны құруға бағытталды.UEFA Grassroots Awards марапатында Қазақстан Германия және Чехиядан басым түсті:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43764343_0:80:1280:1040_1920x0_80_0_0_f3bd7ddbbe95d732458ddd8f3ff70e3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол
Қазақстан бұқаралық футболды дамытқаны үшін УЕФА-ның марапатын алды
УЕФА-ның бұқаралық футбол номинациясында Қазақстан Германия мен Чехияны артқа тастады
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. УЕФА-ның штаб-пәтерінде бұқаралық футболдан 2023/24 жылғы "UEFA Grassroots Awards" марапаттау рәсімі өтті.
2023 жылы ҚФФ өткізген "Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" 2023/24 маусымның УЕФА бұқаралық футбол марапаты аясында үздік футболға баулу жобасы деп танылды.
Ньонда өткен марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин қатысты.
"Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" 2023 жылы бірнеше айға созылған болатын. Жоба балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайтуға және қолайлы әлеуметтік ортаны құруға бағытталды.
UEFA Grassroots Awards марапатында Қазақстан Германия және Чехиядан басым түсті:
Футболға баулу бойынша үздік жоба:
"Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" (Қазақстан);
"Қыздарға арналған мобильді жаттығулар" (Германия);
"Менің алғашқы голым" (Чехия).