АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Астанада өткен халықаралық кітап көрмесіне Ресей кітап одағының 400-ге жуық туындысы қойылды.
"EURASIAN BOOK FAIR – 2024" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Бүгін "Eurasian Book Fair – 2024" VII Еуразиялық халықаралық кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Мұнда Ресейдің ұлттық стенді де көрермен назарына ұсынылды.
"EURASIAN BOOK FAIR – 2024" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Жыл сайын біз кітаптармен ғана емес, сонымен қатар өз жазушыларымызбен де келеміз. Стендке 40 баспаның кітабын, 400 туындысын ұсынамыз", - дейді Ресей кітап одағының жоба жетекшісі Алена Новокшонова.
"EURASIAN BOOK FAIR – 2024" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Стенд ұйымдастырушылары Ресей табиғаты мен қалалары туралы фотоальбомдарды ерекше атап өтті, сонымен қатар экспонаттар туралы мәліметтерді бөлісті.
"Көркем әдебиет бар, орыс классигі де бар, ол жаңа нұсқаларда, жаңа суреттермен, жаңа форматта ұсынылған. Заманауи әдебиеттен қазақ оқырмандарымен тілдесетін авторлардың кітаптарын әкелдік", - деді Новокшонова.
Оның айтуынша, қазіргі таңда жол нұсқаушы материалға сұраныс артып келеді.
"Біз сондай-ақ Ресейде жол көрсететін кітаптарды да ұсынамыз, өйткені қазір біздің елде ішкі туризм қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар Ресей аймақтары туралы көптеген жаңа ақпарат пайда болып жатыр", - деді ол.
"EURASIAN BOOK FAIR – 2024" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Ұйымдастырушының айтуынша, дәстүр бойынша көрмеде орыс тілін шет тілі ретінде меңгеруге көмектесетін әдебиеттер тобы бар.
"EURASIAN BOOK FAIR – 2024" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Бізде орыс тілінің әртүрлі деңгейдегі тұтас сөрелері бар, кітаптардан бөлек, Астанада университет оқытушыларымен кездесулер болады. Ол жерде қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр, қандай жаңалық бар, қандай оқулықтар шығарылып жатыр, қандай оқу құралдары бар, соны талқылаймыз", - деп бөлісті Алена Новокшонова.
Сондай-ақ ол оқырмандар арасында қандай кітаптар үлкен қызығушылық тудыратынын айтты.
"Бірнеше жылдан бері Ресейде де, Қазақстанда да балалар, жасөспірімдер мен жастар комикстерге және мангаға қызығушылық танытып келеді. Менің байқауымша, 50 және одан жоғары жастағы оқырмандар көбіне классиктерді оқиды, мемуарларды оқиды", - деді Новокшонова.
"EURASIAN BOOK FAIR – 2024" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Ол 30 жастағылар қандай әдебиетті көп оқитынын айтты.
"Жастардың өздерімен бір жастағы авторларға деген қызығушылығы жоғары. Өйткені ол авторлар олардың дәл қазіргі проблемаларын сипаттайды", - деп түсіндірді ол.
Көрмеде дөңгелек үстелдер, презентациялар, сондай-ақ ресейлік жазушылармен кездесулер және кітап шығарудағы жаңа өнімдермен таныстыру жоспарланған.
"EURASIAN BOOK FAIR – 2024" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Көрмеге келушілер Александр Мелихов, Евгений Чигрин, Андрей Коровин, Вера Богданова, Яна Вагнер, Рахым Жапаров секілді жазушылар және ақындар тілдесе алады.
Sputnik Қазақстан тілшісі ақын Дмитрий Гасинмен сұхбаттасты. Ол кітап шолушысы ретінде де танымал және әлеуметтік желіде блог жүргізеді. Оның айтуынша, ол бүкіл өмірін кітапқа арнаған және биыл шығармашылығына 25 жыл толып отыр.
"Ақын ретінде мен қазір балалар өлеңдерімен көбірек айналысып жатырмын. Өйткені балалар әдебиеті біздің заманымызда өте қажетті. Бұл үлкен, ересек адамдар оқитын поэзия жазудан әлдеқайда жеңіл екен", - деді Гасин.
Кітап көрмесі Астанадағы Конгресс-орталықта 21 сәуірге дейін жалғасады. Мұнда сүйікті туындыны сатып алуға да болады.