Батыс Қазақстанда қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді

Елді мекендерден үлкен суды бұрып әкету және су тасқынынан келетін шығынды азайту үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды
Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылған адамдардың саны 6,3 мыңнан асты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Облыста ТЖМ-ның 1 мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі жұмыс істеп жатыр.
"Жұмысқа волонтерлік ұйымдардың қатысушылары тартылды. 1,5 мың арнайы техника әкелінді, оның 790-ы БҚО-ға еліміздің басқа өңірлерінен келген", - делінген хабарламада.
Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 700 мың құм толтырылған қапшық және 3 710 мың тонна инертті материал төселді. Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді.
Қазіргі уақытта Оралда жедел-эвакуациялау пункттері ашылды, өңірде "Жедел желі" жұмыс істейді – оған 512 қоңырау келіп түсті.
Қазақстанда 5,4 мың тұрғын үй су астында қалды – ТЖМ