АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде су тасқынының екінші кезеңі қаупі төніп тұр, деп ескертті Қазгидромет.
Синоптиктердің хабарлауынша, су тасқыны келесі аймақтарға қауіп төндіріп тұр:
Батыс Қазақстан облысында тасқын су Жайық өзенімен Ресей аумағынан келеді.
Атырау облысында су ағыны Батыс Қазақстан облысынан Жайық арқылы жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысында екінші толқын Жабай және Қалқұтан салалары арқылы Есіл өзенінің бойымен жүреді.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4870 жеке тұрғын үй мен 1264 аула аумақтары су астында қалып отыр. 9,3 миллион шаршы метр астам еріген су сорылып, 1,9 миллион қап пен 1,2 миллион тонна инертті материал төселді. 3402 тұрғын үй мен 2041 аула аумақтарынан су бұрылды.
Су тасқыны басталғаннан бері 107 119 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 38 457-сі балалар. Жұмылдырылған ұшақ 3458 адамды, оның ішінде 1138 баланы құтқарды. 11 674 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру орталықтарында 7414 адам болса, оның 3173-і балалар. 103 146 ауыл шаруашылығы малдары қауіпсіз жерге айдалды.
Жедел желіге 1618 қоңырау түсіп, психологтар зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек көрсетуде.
103 жолда су тасу, 109 жолды шайып кету, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда тұр. Бақылауда көлік қатынасы жоқ 84 елді мекен бар, оларда жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс жасап, қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.