Су басқан өңірлерде бағаның көтерілуіне байланысты 140-тан астам әкімшілік іс қозғалды

© PhotoЗамороженный картофель-фри начали производить в Кызылорде
Замороженный картофель-фри начали производить в Кызылорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2024
Жазылу
"Жедел желі" сенім телефондары құрылып, қоғамдық бақылау пункттері ашылды
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Зардап шеккен 10 өңірде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттауына қатысты 140-тан астам әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша өткен кеңесте.
Отырысты Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин жүргізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан үкіметінің сайты хабарлағандай, бір аптада елімізде әлеуметтік азық-түлік тауарларының орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді. Бұл ретте өңірлік тұрақтандыру қорлары басты рөл атқарды.
Дегенмен қант бағасының аздап өскені байқалады. Бұл Ресейде қант қызылшасын өңдеудің аяқталуы мен өндірушілердің сату бағасының өсуіне байланысты болып отыр.
Алматы және Ақтөбе облыстарында 1 сұрыпты ұн бағасын ұстап тұру үшін Азық-түлік корпорациясының резервінен арзанырақ бидай жеткізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Айжан Бижанованың айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен 10 өңірде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы күн сайын қадағалануда. Сауда және азық-түлік қызметтері жұмыс істеп тұр, азаматтардың арыз-шағымдары үшін сенім телефондары құрылды, кәсіпорындар мен тұрғындардың арыз-шағымдарын қарайтын қоғамдық бақылау пункттері ашылды.
"Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының көтерілуіне байланысты зардап шеккен 10 өңірде 140-тан астам әкімшілік іс қозғалып, 122 ескерту жасалып, 17 айыппұл салынды", - деді Айжан Бижанова.
Бизнес субъектілері жалпы көлемі 635 мың тонна ең маңызды азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жеткізу бойынша меморандумдарға қол қойды. Тұрақтандыру қорынан 767 тоннаға жуық әлеуметтік азық-түлік тауары сатылды.
Өңірлерге импорттық ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарттар жасау жұмыстарын алдын ала бастау және алдағы айлардағы қажеттілікті ескере отырып, қолда бар қорларды бағалау тапсырылды.
"Алдын ала болжам бойынша, Батыс Қазақстан облысына су көп келіп жатыр. Әкімдікке сауда комитетімен бірлесе отырып, су басу қаупі төніп тұрса, тез арада су қоймаларының жағдайын тексеруді тапсырамын Азық-түлік корпорациясына Атырауға арзанырақ астықты жеткізуді тезірек ұйымдастыруды тапсырамын", - деп түйіндеді сөзін Серік Жұманғарин.
Келесі аптадан бастап үкімет жұмыстың жедел режиміне көшеді, жағдай тұрақтанғанға дейін аптасына екі рет азық-түлікті бақылау бойынша кеңестер өткізіледі.
Жаңалықтар
0