АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясы су тасқыны кезінде әуе билеттерінің құнын арзандатты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Әуе қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынына байланысты тұрақсыз жағдайды ескере отырып, әуе билеттерінің жоғарғы құны бір бағытқа 40 000 теңгеге дейін арзандатылды.
"Уақытша тариф Қазақстан Республикасындағы су тасқынынан зардап шеккен компанияның барлық өңірлік бағыттарында 24 сәуірге дейін әрекет етеді", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы төтенше жағдайда отандастарына қолдау көрсету үшін барлық шараларды қолданып жатқанын айтты.
Айта кету керек, Qazaq Air – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстандағы өңіраралық әуе қатынасының қауіпсіздігі мен қолжетімділігін және көршілес елдердің шекаралас аймақтарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында құрылған өңіраралық әуе компаниясы.
Естеріңізге салсақ, көктем келуімен еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде су тасқыны басталып, жүз мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінгі таңда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4870 жеке тұрғын үй мен 1264 аула аумақтары су астында қалды.