ОПЕК+ келісімі: Қазақстан наурызда мұнай өндіруді тәулігіне 131 мың баррельге асырды

Қазақстан 30 сәуірге дейін ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады
Sputnik
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстан наурыз айында өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге асырды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
Бұл климаттық жағдайға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты.
"Қазақстан 1-тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастырады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады.
Бұған дейін Қазақстан өзінің міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты.
Энергетика министрлігі Каспийде мұнай төгілді деген ақпаратты тексеріп жатыр