Энергетика министрлігі Каспийде мұнай төгілді деген ақпаратты тексеріп жатыр

© Sputnik / Ольга ТонконогВид на Актау с борта прогулочной яхты
Вид на Актау с борта прогулочной яхты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
Жазылу
Министр Қашаған кен орнына экологтар да тартылатынын атап өтті
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев экологтардың Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілді деген ақпаратына түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз ақпаратты тексеріп жатырмыз. Қазір ғарыштық мониторингтен алынған суреттер талданып жатыр. Ол жерде мұны табиғи құбылыс ретінде көрсетіп тұр. Бүкіл акватория бойынша су сынамасы алынуда. Әзірге аталған кезеңде мұнайдың төгілгені расталған жоқ", - деді Сәтқалиев мәжіліс кулуарында.
Министр Қашаған кен орнына экологтар да тартылатынын атап өтті.
Сәтқалиев Қашағанда теңіз кешені пайдаланыла бастағаннан бері мұнай төгілу фактісі бірде бір рет тіркелмегенін еске салды.
Бұған дейін экологтар ғарыштық бақылау деректеріне сілтеме жасай отырып, Каспий теңізінің солтүстігінде 7 шаршы шақырым аумақта мұнай төгілгенін хабарлады.
Жаңалықтар
0