АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Арменияға барады, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, премьер-министр Никол Пашинянмен және президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді.