Ертең ауа райы жауын-шашынды болады – Қазгидромет

Қазақстан аумағында найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді
Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Синоптиктер ертең, 14 сәуірге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлады Қазгидромет.
"Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде ауарайы жауын-шашынды болады", - деп жазылған хабарламада.
Республиканың шығысында ғана антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Сонымен қатар жалпы Қазақстан аумағында найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді және республиканың оңтүстігінде бұрқасын соғады деп болжанып отыр.
Министр су тасқыны жайлы: әкімдіктер Қазгидрометтің болжамына назар аудармады