Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды – трансляция

Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы басталды.
Қуандық Бишімбаевтың соты 12 алқабидің қатысуымен өтіп жатыр. Оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Бишімбаев ісі: қылмыстың хронологиясы