Каспий жағалауындағы жол түсетін учаскелер заңсыз берілген

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысында Каспий жағалауындағы жер учаскелері заңсыз бөлінген, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қахарман Бағыновтың айтуынша, бұл жәйт жер учаскелерін сыртқы талдау кезінде анықталған.
"Ақтаудағы "Жылы жағажай" курорттық аймағында 37 жол салынатын жерде 201 жер учаскесі берілген. Салдарынан теңіз жағалауында бар болғаны 7 жол бар, қалған 30 жолды ашу үшін тиісті жұмыс атқарылып жатыр", - дейді Қахарман Бағынов.
Ал 2023 жылы заңсыз берілген 4408 гектар болатын 37 жер учаскесі сот шешімімен мемлекеттің меншігіне қайтарылған.
Сот "Бипэк Авто Қазақстан" жалға алған орман алқаптарын мемлекетке қайтарды