Сот "Бипэк Авто Қазақстан" жалға алған орман алқаптарын мемлекетке қайтарды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 сәуір - Sputnik. Сот "Бипэк Авто Қазақстан" АҚ-ның жалға алған орман алқаптарын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
Істі Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарады. Өскемен орман шаруашылығы "Бипэк Авто Қазақстан" АҚ-нан орманды ұзақ мерзімді пайдалануға жалға беру шарттарын бұзу туралы талап арыз берген. Өйткені "Бипек Авто" өз міндеттерін орындамаған.
2015 және 2017 жылдары мемлекет "Бипэк Авто Қазақстан" АҚ-на мемлекеттік қордан 49 жылға орман пайдалануға орман ресурстарын берген.
Орман кодексіне және шарттардың талаптарына сәйкес, орман пайдаланушы жыл сайын орман алқабын пайдалану құқығына:
орман билетін алуға, өрттің алдын алудың жедел жоспарын әзірлеуге және орман шаруашылығымен келісу үшін ұсынуға,
сондай-ақ өз қаражаты есебінен уақытында оны жүзеге асыруға міндетті болған.
Алайда "Бипек Авто" шарттарды сақтамаған
Сонымен қатар "Бипэк Авто Қазақстан" АҚ алаңында құрылыстар заңсыз тұрғызылған. Былтыр акционерлік қоғам қызметі орман қорының жер учаскесіне рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.
Сот Өскемен орман шаруашылығының арызын қанағаттандырды. Нәтижесінде 169,7 гектар жер мемлекеттік орман қорына қайтарылды.
Жаңалықтар
0