АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Украинада бейбітшілік орнату үшін НАТО Украинаны альянсқа қабылдамауға уәде беруі керек, дейді америкалық экономист Джеффри Сакс. Бұл туралы Radio Sputnik жазды.
"Украинаға расымен қажет нәрсе - АҚШ пен Ресей арасындағы қауіпсіздік жөніндегі келіссөз. Соның ішінде НАТО Украинаны альянсқа мүше ретінде қабылдамайтыны жөніндегі уәде. Сонда ғана бейбітшілікке қол жеткізуге болады және Украина қауіпсіздікте болады", - деді Сакс Global Times газетіне.
Оның ойынша, НАТО-ны ЕҚЫҰ алмастырса, әлем мүлде басқаша болар еді.
"Қысқасы, НАТО-ны 1990 жылы тарату керек еді. Сонда тарих мүлдем басқаша, әлдеқайда бейбіт, ынтымақтастық орнаған, соғысы әлдеқайда аз болар еді. НАТО-ның орнына ЕҚЫҰ келуі керек еді", - деді экономист.