Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский кеңсесінің басшысы Украина үшін қиын кезең жақындап қалғанын айтты

© AP Photo / Efrem LukatskyКиев
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Politico газетінің еуропалық басылымына берген сұхбатында Украина үшін қиын кезең жақындап қалғанын айтып, АҚШ Конгресін Киевке көмек пакетін тез арада бекітуге шақырды.
"Мен америкалық көмек пакеті осы айда бекітіледі деп үміттенемін, өйткені Украина қиын кезеңге жақындап қалды. Бізге әлі де әуе қорғанысының қосымша жүйелері өте қажет, өйткені ол жүйелерсіз қалаларды қорғау мүмкін емес. Біз үшін уақыт мәселе болып тұр. Қазір маңызды сәт екенін айтқым келеді. Пакеттің осы айда бекітілгені өте маңызды", - деді ол.
Бұған дейін АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон 9 сәуірде каникулдан оралған соң заң шығарушылар Киевке көмек көрсету туралы заң жобасын қарауға кіріседі деп үміт білдірді. Оның айтуынша, құжатта жаңа тұжырымдамалар мен тәсілдер қамтылады, атап айтқанда, ресейлік бұғатталған активтерді тәркілеу туралы норма пайда болуы мүмкін. Джонсонға Украинаға көмек көрсетуге наразы партияластары бүлік шығару қаупі бар деп саналады. Егер заң жобасы дауысқа түссе, олар оны қызметінен кетіруге тырысуы мүмкін. Палатадағы демократиялық азшылық бұл жағдайда спикерді қолдауға дайын екенін меңзеп отыр.
Өткен желтоқсанда АҚШ әкімшілігі Украинаға қару-жарақ беру мүмкіндігін сарқыды, биыл 300 миллион доллардың бір ғана көмек пакеті аударылды. Ақ үйдің Киевке 60 миллиард доллар бөлу туралы өтініші мақұлдауды күтіп тұр.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр.
Жаңалықтар
0