Ұлттық ұлан авиациясы бір тәулікте 120-дан астам тұрғынды эвакуациялады

Әскери қызметшілер Қазақстанның алты өңірінде су тасқыны салдарын жойып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Өткен тәулікте Ұлттық ұлан су басқан аймақтарға көмек көрсетті, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Ұлттық ұланның әскери бөлімдері, Академиясы және авиабазасының әскери қызметшілері Қазақстанның алты өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқынында көмек көрсетті.
"Ұлттық ұланның тікұшақтары Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ұшуды жалғастыруда, әр өңірде ұшу радиусы 300 шақырымды құрады, бұл ретте Ақтөбе облысында 120-дан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 70 бала бар", - дейді ведомство.
Айта кетері, су тасқыны басталғаннан бері 1500-ден астам әскери қызметші, Ұлттық ұланның 70 әуе және автомобиль техникасы тартылды. 1000-ға жуық адам эвакуацияланды, шағын 95000 қапшық сыз төселді.
Атырау облысындағы су тасқыны: Бозымбаев қауіпті аумақты тікұшақпен айналып өтті