https://sputnik.kz/20240406/atyrau-oblysyndagy-su-tasqyny-bozymbaev-qauipti-aumaqty-tikushaqpen-aynalyp-otti-43493520.html
Атырау облысындағы су тасқыны: Бозымбаев қауіпті аумақты тікұшақпен айналып өтті
Атырау облысындағы су тасқыны: Бозымбаев қауіпті аумақты тікұшақпен айналып өтті
Sputnik Қазақстан
Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталып отыр 06.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-06T16:07+0500
2024-04-06T16:07+0500
2024-04-06T16:09+0500
қанат бозымбаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/06/43493608_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_e1b34c811b51a1fe0e90748e60973e29.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Атырау облысында жүрген вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысымен шекара аумақты тікұшақпен айналып өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары жем өзеніндегі зақымдалған бөгеттің жағдайына баға берді. Кеше оның бұзылуы салдарынан Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, сондай-ақ "Жадырасын-2", "Болашақ", "Вахталық кент" шағын аудандары, "Қарағай"" елді мекені су астында қалды.Құлсары қаласында 2,6 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимарат су астында қалып, 5 сәуірден бастап қауіпті аймақтан 15 632 адам шығарылды. Халықты эвакуациялау жалғасуда.Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жалғасуда, топырақ толтырылған 45,9 мың қапшық, 174,3 мың тонна инертті материал төселді. 5 сәуірде Каспий теңізіне қарай су өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді, тағы бір рет мұз жару жоспарланған.Әкімдік пен күштік құрылымдардың 600-ге жуық қызметкері, 148 техника, 2 жүзу құралы және 500 ерікті жұмылдырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/06/43493608_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_1260a87a4bbcfab1ec9634d956027b67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қанат бозымбаев
Атырау облысындағы су тасқыны: Бозымбаев қауіпті аумақты тікұшақпен айналып өтті
16:07 06.04.2024 (жаңартылды: 16:09 06.04.2024) Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталып отыр
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Атырау облысында жүрген вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысымен шекара аумақты тікұшақпен айналып өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары жем өзеніндегі зақымдалған бөгеттің жағдайына баға берді. Кеше оның бұзылуы салдарынан Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, сондай-ақ "Жадырасын-2", "Болашақ", "Вахталық кент" шағын аудандары, "Қарағай"" елді мекені су астында қалды.
"6 сәуірдегі жағдай бойынша Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталып отыр, 2 елді мекенге көлікпен қатынау мүмкін емес", - делінген хабарламада.
Құлсары қаласында 2,6 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимарат су астында қалып, 5 сәуірден бастап қауіпті аймақтан 15 632 адам шығарылды. Халықты эвакуациялау жалғасуда.
Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жалғасуда, топырақ толтырылған 45,9 мың қапшық, 174,3 мың тонна инертті материал төселді. 5 сәуірде Каспий теңізіне қарай су өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді, тағы бір рет мұз жару жоспарланған.
Әкімдік пен күштік құрылымдардың 600-ге жуық қызметкері, 148 техника, 2 жүзу құралы және 500 ерікті жұмылдырылды.