АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 11 жол жабық тұр, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
6 сәуірдегі жағдай бойынша сағат 15:00-де күннің жылынып, қардың күрт еруіне байланысты халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
"5 облыста: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда жалпы ұзындығы 5 411 метр болатын 7 учаскеде қызыл су басып жатыр. Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 11 жол жабық. Шектеу жалпы 593 км жолға енгізілді", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған.