АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Қырғыз Республикасы Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүрді.
"15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті. Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберіледі", - деді ведомство.