https://sputnik.kz/20240406/qulsarydan-15-myn-adam-evakuatsiyalandy-43495437.html
Құлсарыдан 15 мың адам эвакуацияланды
Құлсарыдан 15 мың адам эвакуацияланды
Sputnik Қазақстан
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембаев су тасқыны Атырауда да болуы мүмкін екенін айтты 06.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-06T17:00+0500
2024-04-06T17:00+0500
2024-04-06T17:00+0500
атырау облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/209/65/2096563_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0c86b73ba82a4ad81075be385395e729.jpg
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Құлсары қаласынан тұрғындар әлі де эвакуацияланып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Осы сағаттарда Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5 500-ге жуық бала эвакуацияланды.Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштері сыйымдылығы 83 000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттерін дайындап қойды.Ал облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембаев әлеуметтік желідегі парақшасында Құлсарыдағы су тасқыны Атырауда да болуы мүмкін екенін айтты."Атырау қаласы да бұл тағдырды қайталауы мүмкін. Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар.Әлбетте әкімдік дайындалуда, 5 күннен бері өңірдің ең үлкен 20 құрылыс компаниясы және 6 ірі мұнай компаниялары жағаларды бекітуге, қорғау дамбаларын салуға жұмылдырылды", - деп жазды Жасұлан Бисембаев.Оның айтуынша, қажетті материалдардың (қапшық, күрес және тб) резерві дайындалып, инертті заттар жинақталған.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/209/65/2096563_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_f1647ba898100a7274ef8bcfb6aba19a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, су тасқыны
атырау облысы, су тасқыны
Құлсарыдан 15 мың адам эвакуацияланды
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембаев су тасқыны Атырауда да болуы мүмкін екенін айтты
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Құлсары қаласынан тұрғындар әлі де эвакуацияланып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Осы сағаттарда Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5 500-ге жуық бала эвакуацияланды.
"21 уақытша орналастыру пунктіне 1641 адам, оның ішінде 741 бала эвакуацияланды. 12000-нан астам адам туыстарының үйіне орналастырылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштері сыйымдылығы 83 000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттерін дайындап қойды.
Ал облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембаев әлеуметтік желідегі парақшасында Құлсарыдағы су тасқыны Атырауда да болуы мүмкін екенін айтты.
"Атырау қаласы да бұл тағдырды қайталауы мүмкін. Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар.
Әлбетте әкімдік дайындалуда, 5 күннен бері өңірдің ең үлкен 20 құрылыс компаниясы және 6 ірі мұнай компаниялары жағаларды бекітуге, қорғау дамбаларын салуға жұмылдырылды", - деп жазды Жасұлан Бисембаев.
Оның айтуынша, қажетті материалдардың (қапшық, күрес және тб) резерві дайындалып, инертті заттар жинақталған.