"ҚазАвтоЖолдың" экс-басқарма төрағасы ұсталды

Ол бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді
Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлын ұстады", - делінген хабарламада.
Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.
Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖолды" 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың 1 ақпанына дейін басқарды.
Қайрат Сатыбалды айыбын толық мойындады