Қайрат Сатыбалды айыбын толық мойындады

© Sputnik / Болат ШайхиновКайрат Сатыбалдыулы
Кайрат Сатыбалдыулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
Процесс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр және Сатыбалдыұлы оған онлайн қатысуда
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Астанада Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа сот отырысы басталды.
Ол Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату (ҚК-нің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша айыпталған.
Процесс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр және Сатыбалдыұлы оған онлайн қатысуда.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады да, содан кейін сот отырысы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Тергеу мәліметінше, Сатыбалды қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа шетелден мүлік сатып алған, сондай-ақ ақшаны Қазақстан аумағы мен шетелдегі банктерде ашқан шотқа салған. Бұған қоса бюджетке қомақты сомада салық төленбегені анықталды.
Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыұлы туралы не білеміз
Қазақстанның тұңғыш президентінің екі інісі мен қарындасы бар:
Нұрсұлтан Назарбаев (1940 жылы туған)
Сатыбалды Назарбаев (1947-1981)
Әнипа Назарбаева (1950 жылы туған болуы мүмкін)
Болат Назарбаев (1953 жылы туған)
Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіш туған бауыр – олар жол апатынан қайтыс болған Сатыбалды Назарбаевтың ұлдары. Ағайындылардың үлкені Қайрат Сатыбалдыұлы (1970 жылы туған) әкесінің, кішісі Самат Әбіш (1978 жылы туған) атасының есімін тегі етіп алған.
Қайрат Сатыбалдыұлы – Alatau Capital Invest компаниясының басқарушы серіктесі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол офшорлық компания арқылы "Қазақтелеком" АҚ акцияларына иелік етеді. Түрлі жылдары Астана қаласының әкімінің орынбасары, "ҚТЖ" бірінші вице-президенті, "Нұр Отан" партиясының хатшысы болды.
ҰҚК органдарында офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Өзінің діндарлығымен танымал.
Дубайға ұшпақ болған кезде ұсталды.
Оған қатысты ақша жымқырды деген айыппен сот отырысы Астанада 2022 жылдың қыркүйегінде өтіп, ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0