Қазақстанда 7 мамыр мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру болмайды - қорғаныс министрлігі

Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір - Sputnik. Қазақстанда Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда екі жылда бір рет әскери шеру өткізіледі. Соңғы рет Қазақстан армиясының қуаты 2018 жылы таныстырылды.
2020 жылы шеру коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді.
2022 жылы әскери шеру өткізілмеді, бірақ ведомство Республика Қарулы Күштерінің құрылуының 30 жылдығына орай әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыруға бағытталған әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізді.
Қорғаныс министрлігі отандық ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды сынады