https://sputnik.kz/20240207/qorganys-ministrligi-otandyq-ushqyshsyz-basqarylatyn-qurylgylardy-synady-42082133.html
Қорғаныс министрлігі отандық ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды сынады
Қорғаныс министрлігі отандық ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды сынады
Sputnik Қазақстан
Ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды дайындау туралы сұрауға бірнеше қазақстандық компания бірден жауап берген 07.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-07T07:00+0500
2024-02-07T07:00+0500
2024-02-07T07:00+0500
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/02/06/42074903_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_d292ffbf6d29acb2a808fa3667164a75.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімінің полигонында отандық ұшқышсыз ұшатын аппараттар сыналды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Ведомство бұл Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін арнайы әзірленген ұшқышсыз ұшатын аппараттардың алғашқы сынағы екенін атап өтті.Бұл құрылғылардың ұшу-техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау үшін комиссия тағайындалды. Оның құрамына ҚР Қарулы күштері Бас штабы мен Әуе қорғанысы күштерінің Ұшқышсыз басқарылатын авиация жүйелерін дамыту және оларды қолдану департаментінің офицерлері кірді.Барлық ұшу техникасы заманауи бейнебақылау құралдарымен, датчиктермен, қашықтық өлшегіштермен және тепловизорлармен жабдықталған.Сарапшылардың назарына әртүрлі ұшу аппараттары көрсетілді. Құрылғылар арнайы резеңке жолақтың керілуімен көкке катапульта арқылы ұшты, орнынан тікұшақ сияқты тігінен көтеріліп, әуеде ұшақ сияқты қалықтады.Отандық өндіруші компаниялар әскерилердің талаптары мен сұраныстарын ескеруге тырысты. Елімізде өндірілген ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қару-жарақ құрамына қабылдау бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, оларды кейіннен күтіп ұстау және жаңғырту мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді."Біздің күндізгі және түнгі камералар өте тиімді, координаттарды анықтау функциясы, лазерлік қашықтық өлшегіш және оқ-дәрілерді тастау жүйесі де бар. Мұндай сипаттамалар артиллерияны нысанаға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұны Қарулы күштердің мамандары жақсы бағалайды деп ойлаймын", – деді өндіруші өкіл Айбек Ахыш.Сынақ аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері отандық ҰҰА әзірлеушілеріне ұсынылған құрылғылардың нұсқаларын пысықтау және толықтыру бойынша ұсыныстар берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/06/42074903_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_c4aad3d9514e60e417df47d6e9ed2d75.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі отандық ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды сынады
Ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды дайындау туралы сұрауға бірнеше қазақстандық компания бірден жауап берген
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімінің полигонында отандық ұшқышсыз ұшатын аппараттар сыналды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство бұл Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін арнайы әзірленген ұшқышсыз ұшатын аппараттардың алғашқы сынағы екенін атап өтті.
"Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды дайындау туралы сұрауына елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін бірнеше қазақстандық компания бірден жауап берді", - делінген хабарламада.
Бұл құрылғылардың ұшу-техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау үшін комиссия тағайындалды. Оның құрамына ҚР Қарулы күштері Бас штабы мен Әуе қорғанысы күштерінің Ұшқышсыз басқарылатын авиация жүйелерін дамыту және оларды қолдану департаментінің офицерлері кірді.
Барлық ұшу техникасы заманауи бейнебақылау құралдарымен, датчиктермен, қашықтық өлшегіштермен және тепловизорлармен жабдықталған.
Сарапшылардың назарына әртүрлі ұшу аппараттары көрсетілді. Құрылғылар арнайы резеңке жолақтың керілуімен көкке катапульта арқылы ұшты, орнынан тікұшақ сияқты тігінен көтеріліп, әуеде ұшақ сияқты қалықтады.
"Отандық өндірушілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қысқа мерзімде жасады. Олардың жұмысының нәтижесін көрнекі түрде көріп, бағалай алдық. Әрине, әлі де пысықтайтын сұрақтар бар. Десек те, бастамасы жақсы", – деп атап өтті Қарулы күштер Бас штабы Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді дамыту және оларды қолдану департаментінің офицері полковник Ержан Жақашев.
Отандық өндіруші компаниялар әскерилердің талаптары мен сұраныстарын ескеруге тырысты. Елімізде өндірілген ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қару-жарақ құрамына қабылдау бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, оларды кейіннен күтіп ұстау және жаңғырту мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді.
"Біздің күндізгі және түнгі камералар өте тиімді, координаттарды анықтау функциясы, лазерлік қашықтық өлшегіш және оқ-дәрілерді тастау жүйесі де бар. Мұндай сипаттамалар артиллерияны нысанаға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұны Қарулы күштердің мамандары жақсы бағалайды деп ойлаймын", – деді өндіруші өкіл Айбек Ахыш.
Сынақ аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері отандық ҰҰА әзірлеушілеріне ұсынылған құрылғылардың нұсқаларын пысықтау және толықтыру бойынша ұсыныстар берді.