Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германияда тіл білмейтін украиндарды жұмысқа алу ұсынылды

Қазіргі уақытта Украина азаматтарына мұндай курстардан тегін өтуге және сонымен бірге күнкөріс үшін жәрдемақы алуға мүмкіндік берілген
Sputnik
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Неміс қалалары мен коммуналары қауымдастығының басшысы Андре Бергхеггер украин босқындарды тілді және интеграциялық курстарды аяқтамай-ақ жұмысқа алуды ұсынды бұл туралы ол Funke медиа тобына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Еңбек нарығындағы интеграцияға келгенде біз әлі де бюрократияға басымдық береміз. Алдымен тіл және интеграция курстарын оқымай-ақ жұмысқа қабылдауға болатын мүмкіндіктерді қарастыру керек", - деп жауап берді ол елдегі украин босқындар туралы сұраққа.
Қазіргі уақытта Украина азаматтарына мұндай курстардан тегін өтуге және сонымен бірге күнкөріс үшін жәрдемақы алуға мүмкіндік берілген. Бергхеггер осы интеграциялық шараларды жұмысқа орналасумен қатар енгізуді ұсынады. Ол сондай-ақ балабақшалар мен мектептердегі кадр тапшылығын ескере отырып, украин босқындарға осы салада жұмыс істеуге мүмкіндік беру керектігін алға тартты.
Бұған дейін Spiegel Германияның көші-қон және босқындар жөніндегі федералдық басқармасының (Bamf) жауабына сілтеме жасай отырып, өткен жылы Германияға Украинадан 250 мыңнан астам босқын келгенін, ал наурыз айының ортасындағы жағдай бойынша 1,65 миллионнан астам Украина азаматы осы елден пана тапқанын хабарлады.