https://sputnik.kz/20240402/germaniyada-til-bilmeytin-ukraindardy-zhumysqa-aludy-usynyldy-43360739.html
Германияда тіл білмейтін украиндарды жұмысқа алу ұсынылды
Германияда тіл білмейтін украиндарды жұмысқа алу ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Украина азаматтарына мұндай курстардан тегін өтуге және сонымен бірге күнкөріс үшін жәрдемақы алуға мүмкіндік берілген 02.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-02T11:31+0500
2024-04-02T11:31+0500
2024-04-02T16:47+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
германия
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40674590_0:381:2962:2047_1920x0_80_0_0_4a3ed0da6ff77a8744ae6197e682acf7.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Неміс қалалары мен коммуналары қауымдастығының басшысы Андре Бергхеггер украин босқындарды тілді және интеграциялық курстарды аяқтамай-ақ жұмысқа алуды ұсынды бұл туралы ол Funke медиа тобына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Қазіргі уақытта Украина азаматтарына мұндай курстардан тегін өтуге және сонымен бірге күнкөріс үшін жәрдемақы алуға мүмкіндік берілген. Бергхеггер осы интеграциялық шараларды жұмысқа орналасумен қатар енгізуді ұсынады. Ол сондай-ақ балабақшалар мен мектептердегі кадр тапшылығын ескере отырып, украин босқындарға осы салада жұмыс істеуге мүмкіндік беру керектігін алға тартты.Бұған дейін Spiegel Германияның көші-қон және босқындар жөніндегі федералдық басқармасының (Bamf) жауабына сілтеме жасай отырып, өткен жылы Германияға Украинадан 250 мыңнан астам босқын келгенін, ал наурыз айының ортасындағы жағдай бойынша 1,65 миллионнан астам Украина азаматы осы елден пана тапқанын хабарлады.
германия
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40674590_233:0:2962:2047_1920x0_80_0_0_58bc3ed5b38fafd3c4447f0d5d9eebe2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
германия, украина
Германияда тіл білмейтін украиндарды жұмысқа алу ұсынылды
11:31 02.04.2024 (жаңартылды: 16:47 02.04.2024) Қазіргі уақытта Украина азаматтарына мұндай курстардан тегін өтуге және сонымен бірге күнкөріс үшін жәрдемақы алуға мүмкіндік берілген
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Неміс қалалары мен коммуналары қауымдастығының басшысы Андре Бергхеггер украин босқындарды тілді және интеграциялық курстарды аяқтамай-ақ жұмысқа алуды ұсынды бұл туралы ол Funke медиа тобына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Еңбек нарығындағы интеграцияға келгенде біз әлі де бюрократияға басымдық береміз. Алдымен тіл және интеграция курстарын оқымай-ақ жұмысқа қабылдауға болатын мүмкіндіктерді қарастыру керек", - деп жауап берді ол елдегі украин босқындар туралы сұраққа.
Қазіргі уақытта Украина азаматтарына мұндай курстардан тегін өтуге және сонымен бірге күнкөріс үшін жәрдемақы алуға мүмкіндік берілген. Бергхеггер осы интеграциялық шараларды жұмысқа орналасумен қатар енгізуді ұсынады. Ол сондай-ақ балабақшалар мен мектептердегі кадр тапшылығын ескере отырып, украин босқындарға осы салада жұмыс істеуге мүмкіндік беру керектігін алға тартты.
Бұған дейін Spiegel Германияның көші-қон және босқындар жөніндегі федералдық басқармасының (Bamf) жауабына сілтеме жасай отырып, өткен жылы Германияға Украинадан 250 мыңнан астам босқын келгенін, ал наурыз айының ортасындағы жағдай бойынша 1,65 миллионнан астам Украина азаматы осы елден пана тапқанын хабарлады.