Бишімбаев "кінәмді мойындамаймын" деген сөзін түсіндірді

Сөздің басында Бишімбаев Салтанаттың туыстарынан кешірім сұрады
Sputnik
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы қасақана аса қатыгездікпен өлтіру ойында болмағанын, бірақ оның өліміне қатысы барын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бишімбаев сол күні адамды қасақана аса қатыгездікпен өлтіру ойында болмағанын айтқанада Салтанаттың анасы эмоцияға ерік беріп, соңғы сапарға шығарарда қызының жүзін көрмей кеткенін айтты. Осыдан кейін экс-министр "кінәмді мойындамаймын" деген сөзін түсіндірді
"Оның өліміне қатысым бар, оны мойындаймын. Екеуіміздің арамызда болған ұрыс-керіс, сол күні менің әрекеттерім болмағанда, бәлкім, ештеңе болмайтын еді. Сондықтан осыны назарға алуыңызды сұраймын. Кінәмді мойындамаймын дегенім қылмысқа қатысым жоқ деген сөз емес, аса қатыгездікпен өлтіру ойымда болмады. Соны ғана айтқым келіп тұр", - деді Бишімбаев.
Сөздің басында Бишімбаев Салтанаттың туыстарынан кешірім сұрады.
"Мені кешіреді деп үміттенбеймін. Бірақ бұл – ішкі міндетім. Орны толмас қайғы екенін де білемін. Осы оқиғаларға қатысым бар екенін де түсінемін" – деп атап көрсетті ол.
"Бишімбаев "Оны өлтіріп қойдым ба?" деп қайталай берді": сотта куәгерлерден жауап алынды