Бүршік жарған алқызыл түсті шие ағашының гүлдері көктем мен жастықтың символы болып табылады. Суретте: Токиодағы шие гүлдері.
Сакура әдетте бір аптаға жуық гүлдейді. Бұл күндер қала тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналады! Суретте: Вашингтондағы шие гүлдері.
Гүлдеген шие ағаштарына толы саябақтар мен құстардың көктемгі ән салуы ғажайып ертегілер мен фантастикалық фильмдерді еске түсіреді. Суретте: Лондондағы шие гүлдері.
Әлем мегаполистерінің тұрғындары айналаны алқызыл сакура гүлдері көмкерген көріністі суретке түсіруге құмар. Суретте: Токиодағы шие гүлдері.
Сакураның отаны - Жапонияда жеміс ағашының гүлдеу кезеңінде демалыс күндері жарияланған. Адамдар саябақтарға келіп, осы таңғажайып табиғат құбылысын тамашалай алады. Суретте: Токиодағы шие гүлдері.
Шие гүлдерінің астында ғашықтар бір-біріне романтикалық кездесулер ұйымдастырады. Бұл ұзақ уақыт бойы есте қалатыны анық! Суретте: Нидерландыдағы шие гүлдері.
Шие гүлдері алқызылдан қанық қызыл түске дейінгі гүлдермен қаланы ғажайып сипатта түрлендіреді. Суретте: Нью-Йорктегі шие гүлдері.
Сакура гүлдері қала тұрғындарының ғана емес, көптеген туристердің де назарын аударады. Суретте: Вашингтондағы шие гүлдері.
Бұл ертегі іспеттес, фантастикалық стильде фотосессия ұйымдастыруға таптырмас мүмкіндік. Суретте: Қытайдағы шие гүлдері.
Жапон шие ағаштары гүлдейтін саябақтарға адамдар отбасымен ғана емес, кейде үй жануарларын да өздерімен бірге алып келеді. Суретте: Лондондағы шие гүлдері.
Сакура гүлдерінен айнала жұпар аңқиды. Адамдар әдемі шие ағаштарының жанында әсерлі фотосессиялар ұйымдастырады. Суретте: Вашингтондағы шие гүлдері.
Көп ғасыр бұрын сакураның гүлдеуін тамашалау дәстүрі - ханами - жапон ақсүйектерінің сүйікті ісі болды. Алайда, бірте-бірте бұл құбылыс басқа елдердің қарапайым тұрғындарын шабыттандыра бастады. Суретте: Калифорниядағы шие гүлдері.