Әлемде сакура гүлдеді: аңызға айналған шие гүлдері бүкіл әлемде - фото
Әлемде сакура гүлдеді: аңызға айналған шие гүлдері бүкіл әлемде - фото
Sputnik Қазақстан
Шие гүлдерінің хош иісі көктемнің келіп жеткенін білдіріп, адамдарды жүрегін шаттық пен қуанышқа бөлейді. Көктем басындағы әдемі құбылыстың әлем елдеріндегі... 01.04.2024, Sputnik Қазақстан
Шие гүлдерінің хош иісі көктемнің келіп жеткенін білдіріп, адамдарды жүрегін шаттық пен қуанышқа бөлейді. Көктем басындағы әдемі құбылыстың әлем елдеріндегі көрінісін суреттер топтамасынан қараңыздар!
Гүлдеген шие ағаштарына толы саябақтар мен құстардың көктемгі ән салуы ғажайып ертегілер мен фантастикалық фильмдерді еске түсіреді. Суретте: Лондондағы шие гүлдері.
Сакураның отаны - Жапонияда жеміс ағашының гүлдеу кезеңінде демалыс күндері жарияланған. Адамдар саябақтарға келіп, осы таңғажайып табиғат құбылысын тамашалай алады. Суретте: Токиодағы шие гүлдері.
Шие гүлдерінің астында ғашықтар бір-біріне романтикалық кездесулер ұйымдастырады. Бұл ұзақ уақыт бойы есте қалатыны анық! Суретте: Нидерландыдағы шие гүлдері.
Жапон шие ағаштары гүлдейтін саябақтарға адамдар отбасымен ғана емес, кейде үй жануарларын да өздерімен бірге алып келеді. Суретте: Лондондағы шие гүлдері.
Көп ғасыр бұрын сакураның гүлдеуін тамашалау дәстүрі - ханами - жапон ақсүйектерінің сүйікті ісі болды. Алайда, бірте-бірте бұл құбылыс басқа елдердің қарапайым тұрғындарын шабыттандыра бастады. Суретте: Калифорниядағы шие гүлдері.