Қоғам

Шымкент әуежайы мамыр айына дейін күндіз жұмыс істемейді

Шектеулер бірінші сәуірден басталады
Sputnik
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Шымкент әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді. Бұл туралы "SCAT" әуе компаниясы хабарлады.
"2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі", - делінген хабарламада.
Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.
Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн, деп атап өтті әуе компаниясындағылар.
Душанбеден Астанаға жаңа рейс ашылады