Қоғам

Шымкент әуежайы мамыр айына дейін күндіз жұмыс істемейді

© Sputnik / Айгерим ТаубайШымкент әуежайы
Шымкент әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Жазылу
Шектеулер бірінші сәуірден басталады
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Шымкент әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді. Бұл туралы "SCAT" әуе компаниясы хабарлады.
"2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі", - делінген хабарламада.
Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.
Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн, деп атап өтті әуе компаниясындағылар.
Астана халықаралық әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Душанбеден Астанаға жаңа рейс ашылады
Жаңалықтар
0