АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Қазгидромет" деректері бойынша, 29 наурызда Астанада жауын-шашын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс жел кейде екпіні 15-20 м/с құрайды.
"Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар кезінде Астана билігі "109" қызметіне хабарласуды сұрайды.
Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.