Астанадағы қатты жел мен жаңбыр: ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

© Photo : Pixabay / ID 955169Капля дождя падает с зонта
Капля дождя падает с зонта - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Қазгидромет" деректері бойынша, 29 наурызда Астанада жауын-шашын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс жел кейде екпіні 15-20 м/с құрайды.
"Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар кезінде Астана билігі "109" қызметіне хабарласуды сұрайды.
Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Жаңалықтар
0