АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Ақтөбе және Қостанай облыстарында су тасқыны салдарынан 94 адам эвакуациялануға мәжбүр болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Су басқан тұрғын үйлерден 94 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 83 адам Ақтөбе облысында және 11 адам Қостанай облысында туыстарына және жақын маңдағы қауіпсіз елді мекендерге орналастырылды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, апатты-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігінің, ішкі істер министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің жеке құрамынан 2500 адам, 700-ге жуық техника, 290-нан астам су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылды.
"Бір күнде төтенше жағдайлар министрлігі мен әкімдіктердің күшімен 60 мың текше метр еріген суды сорып, 3 мыңнан астам қапшық төселді", - делінген хабарламада.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар Абай, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүргізіліп жатыр.