Облыс әкімдері үкімет басшысына су тасқынына қарсы шаралар туралы баяндады

© Sputnik / Санат ИмангалиевПравительство Казахстана
Правительство Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
Су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырылды
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов бірінші орынбасары Роман Скляр мен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдады.
Үкімет басшысына су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар мен өңірлерде қалыптасқан ахуал туралы баяндалды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам, 700-ге жуық техника, 290-нан астам су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылған. Жұмыстар іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізіліп жатыр.
Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында және Астана қаласында республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырылды.
Өңірлерде және республика бойынша жедел желі іске қосылды.
"Жедел желі" телефондары: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, сонымен қатар өңірлік байланыс орталықтары жұмысын жалғастыруда.
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Қазақстанның қай жерінде су тасқыны болады – Қазгидрометтің болжамы
Жаңалықтар
0