Израиль басшылығы Қазақстан елшісін қабылдады

Израиль президенті мен премьер-министрі Қазақстандағы маңызды өзгерістерді оң бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді
Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Израильдегі елшісі Сатыбалды Бұршаков осы елдің президенті Ицхак Герцог пен премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесу кезінде күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер талқыланды. Аймақтағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасу да болды.

"Бұршақов Израиль басшылығын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында сөйлеген сөзінің негізгі тезистерімен таныстырып, сондай-ақ мемлекет басшымысының кешенді саяси және экономикалық реформаларының іске асырылуы барысы жөнінде айтып берді", - делінген ресми хабарламада.

Израиль президенті мен премьер-министрі Қазақстандағы маңызды өзгерістерді оң бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді. Израиль басшылығы екі ел арасындағы жан-жақты қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан жеке үлесі үшін елшіге де алғыс білдірді.
Палестина–Израиль қақтығысы Сириядағы жағдайды ушықтыруда – Астана процесіндегі мәлімдеме