Ақтөбе облысында 4 жасар бала шалшық суға құлап, тұншығып өлді

Судың тереңдігі шамамен 15 сантиметр болған
Sputnik
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында 4 жасар бала шалшық суға құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Диапазон порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 23 наурызда шамамен 13:00-де Ебейті ауылында болған. Ағайындылардың екі баласы еріген қар суы жиналып қалған жерде ойнап жүрген. 4 жасар бала етбетімен құлап, суға тұншығып қайтыс болды. Екінші бала аман.
"Ол жерде су қатты терең емес, шамамен 15 сантиметр. Еріген қардың суы балалар тұратын үйден 150 метр шалғай жерде жиналып қалған", - дейді әкімдік мамандары.
Бір айда 15 бала жол апатынан қайтыс болды – министрлік