Бір айда 15 бала жол апатынан қайтыс болды – министрлік

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2024
Жазылу
Олардың 12-сі көлікте жолаушы болып отырған
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанда бір айдың ішінде 15 бала жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ішкі істер министрлігі "Қауіпсіз жол" шұғыл профилактикалық шарасы аясында "Сіздің жолаушыңыз бала!" акциясын бастады.
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жол апаттарында қаза тапқан және жарақат алған балалар аз емес.
"Бір айдың ішінде республика бойынша кәмелет жасқа толмаған 15 бала қаза тапты. Олардың 12-сі көлікте жолаушы болып отырған. Олар ата-анасының бейқамдығынан қайтыс болды", - деді Боранова бүгінгі онлайн брифингте.
Осы орайда полицейлер жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтауға кеңес берді. Әсіресе, ауа райы бұзылғанда барынша абай болу керек.
Айта кетері, астаналық полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы аясында заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген көлік жүргізушілерін анықтауға кірісті. Бұл шара 29 ақпанға дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20240214/astanada-politsiya-taksi-zhurgizushilerdi-tekserip-zhatyr-42285952.html
Жаңалықтар
0