Ақтауда белгісіз біреулер 2,5 млн теңгенің әткеншегін тағы сындырды

Sputnik
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Ақтауда белгісіз біреулер қымбат әткеншекті тағы сындырып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Қымбат әткеншек 11 шағын аудандағы "Ынтымақ" алаңында орнатылған. Қала тұрғындары белгісіз біреулердің әткеншектің шынжырын үзіп тастағанына арызданды. Ал қалалық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық бөлімі әткеншекті жөндеу үшін тендер жарияланғанын хабарлады.
"Қазіргі кезде осы нысанды қалпына келтіретін мердігерді анықтау бойынша конкурс өткізіліп жатыр", - дейді бөлім мамандары.
Әткеншекті жөндеуге жұмсалатын қаржының көлемі әзірге белгісіз. Бірақ бағасы 2 553 441 теңге болған.
Оқиға
Нұр-Сұлтанда қыз тұрақтағы көліктердің терезесін кірпішпен ұрып сындырды – видео