Оқиға

Нұр-Сұлтанда қыз тұрақтағы көліктердің терезесін кірпішпен ұрып сындырды – видео

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2021
Жазылу
Бөгенбай батыр даңғылы бойында тұраққа қойылған екі шетел көлігі бүлінген

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы аялдаманы, сондай-ақ екі көліктің терезесін кірпішпен сындырған бұзақының ұсталғаны туралы видео жариялады.

Бөгенбай батыр даңғылында тәртіп бұзушының жүргені туралы хабарлама полицияға түнде түскен.  

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қыз ұсталғанға дейін аялдаманың терезелерін, сондай-ақ Toyota Corolla және Nissan автокөліктерінің әйнегін кірпішпен шағып үлгергені анықталды.

Оқи отырыңыз: Терезені таяқпен сындырды – Алматы полициясы желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Аталған дерек негізінде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығын мөлшері анықталып жатыр", - дейді Байқоңыр ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.  

Жаңалықтар
0