Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында бірқатар тапсырма берді

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың экстремалды жағдайлардағы қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды
Sputnik
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады", - делінген хабарламада.
Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.
Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Қазақстан Мәскеудегі террористік актіні қатаң айыптайды – Тоқаев