Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында бірқатар тапсырма берді

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың экстремалды жағдайлардағы қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады", - делінген хабарламада.
Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.
Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Қазақстан Мәскеудегі террористік актіні қатаң айыптайды – Тоқаев
Жаңалықтар
0