Тоқаев "Наурыз Фест" фестивалінде робо-киіз үйге кіріп шықты

Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Абай" алаңында өтіп жатқан халықаралық "Наурыз Фест" фестиваліне барды, деп хабарлайды Ақорда.
Фестивальдің негізгі мақсаты - Наурыз мейрамын тойлайтын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктіру. Сол жерде осы елдердің өнер туындыларын көріп, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысуға болады.
Глава государства посетил фестиваль "Наурыз Фест"
Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған.
Глава государства посетил фестиваль "Наурыз Фест"
Тоқаев оқушылардың роботты техника саласындағы озық әзірлемелерін көрсететін инновациялық алаң – "Робо-киіз үйге" де кіріп шықты. Оны дайындауға физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Global Challenge 2023 чемпионатының абсолютті жеңімпаздары Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал, Сергей Гапонов, Нұрсұлтан Жанұзақов мен Нұрислам Тұрғынбай атсалысты.
Глава государства посетил фестиваль "Наурыз Фест"
Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және "Қамшы" атты көрме ұйымдастырылды.
Глава государства посетил фестиваль "Наурыз Фест"