https://sputnik.kz/20240321/toqaev-nauryz-fest-festivalinde-robo-kiiz-uyge-kirip-shyqty-43104750.html
Тоқаев "Наурыз Фест" фестивалінде робо-киіз үйге кіріп шықты
Тоқаев "Наурыз Фест" фестивалінде робо-киіз үйге кіріп шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Абай" алаңында өтіп жатқан халықаралық "Наурыз Фест" фестиваліне барды, деп хабарлайды... 21.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-21T14:54+0500
2024-03-21T14:54+0500
2024-03-21T14:54+0500
наурыз
https://sputnik.kz/img/07e8/03/15/43084505_0:73:1280:793_1920x0_80_0_0_29eee69d39208f9fe3c52b82823d5054.jpg
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Абай" алаңында өтіп жатқан халықаралық "Наурыз Фест" фестиваліне барды, деп хабарлайды Ақорда. Фестивальдің негізгі мақсаты - Наурыз мейрамын тойлайтын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктіру. Сол жерде осы елдердің өнер туындыларын көріп, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысуға болады.Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған.Тоқаев оқушылардың роботты техника саласындағы озық әзірлемелерін көрсететін инновациялық алаң – "Робо-киіз үйге" де кіріп шықты. Оны дайындауға физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Global Challenge 2023 чемпионатының абсолютті жеңімпаздары Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал, Сергей Гапонов, Нұрсұлтан Жанұзақов мен Нұрислам Тұрғынбай атсалысты.Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және "Қамшы" атты көрме ұйымдастырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/15/43084505_63:0:1218:866_1920x0_80_0_0_f296ba1f454f4228c2020aa597e01443.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Абай" алаңында өтіп жатқан халықаралық "Наурыз Фест" фестиваліне барды, деп хабарлайды Ақорда.
Фестивальдің негізгі мақсаты - Наурыз мейрамын тойлайтын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктіру. Сол жерде осы елдердің өнер туындыларын көріп, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысуға болады.
Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған.
Тоқаев оқушылардың роботты техника саласындағы озық әзірлемелерін көрсететін инновациялық алаң – "Робо-киіз үйге" де кіріп шықты. Оны дайындауға физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Global Challenge 2023 чемпионатының абсолютті жеңімпаздары Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал, Сергей Гапонов, Нұрсұлтан Жанұзақов мен Нұрислам Тұрғынбай атсалысты.
Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және "Қамшы" атты көрме ұйымдастырылды.