АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматыда Наурыз мейрамының негізгі шаралары басталды. Бүгін қала көшелеріне "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Мерекелік керуен Абай даңғылымен Достық даңғылынан басталды. Қазақ батырлары, бүркітшілер мен ақындар бастап келе жатқан шеру Абылай хан даңғылына бұрылып, Астана алаңына дейін жүріп өтеді.
"Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Ол жерде концерттік бағдарлама басталып кетті. Мерекелік керуенге 1000-ға жуық адам қосылды.
"Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Керуеннің басында доңғалағы бар киіз үй, ал жан-жағында жібек мата тиелген түйелер, әртістер мен аңшылар жүріп келеді. Өзге ұлт өкілдерінің ұжымдары да бар. Алтын адамның киімін киген әртістерді де байқауға болады.
"Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бүгін Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттер бірнеше жерде өтеді. Олар:
- Астана алаңында "НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ" концерті (11:00-де);
- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында (11:00-де);
- Абай атындағы алаңда (12:00-де).
Сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Ал Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.
"Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені
© Sputnik/Ертай Сарбасов