https://sputnik.kz/20240321/kiiz-uy-men-batyrlar-almaty-turgyndary-men-qonaqtary-nauryzdy-qalay-toylap-zhatyr-43069475.html
Киіз үй мен батырлар: Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурызды қалай тойлап жатыр
Киіз үй мен батырлар: Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурызды қалай тойлап жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматыда Наурыз мейрамының негізгі шаралары басталды. Бүгін қала көшелеріне "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені шықты, деп... 21.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-21T12:22+0500
2024-03-21T12:22+0500
2024-03-21T12:22+0500
наурыз
https://sputnik.kz/img/07e8/03/15/43057880_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_22a3221ac71dd6c01b4c18fb82f4303d.jpg
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматыда Наурыз мейрамының негізгі шаралары басталды. Бүгін қала көшелеріне "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мерекелік керуен Абай даңғылымен Достық даңғылынан басталды. Қазақ батырлары, бүркітшілер мен ақындар бастап келе жатқан шеру Абылай хан даңғылына бұрылып, Астана алаңына дейін жүріп өтеді.Ол жерде концерттік бағдарлама басталып кетті. Мерекелік керуенге 1000-ға жуық адам қосылды.Керуеннің басында доңғалағы бар киіз үй, ал жан-жағында жібек мата тиелген түйелер, әртістер мен аңшылар жүріп келеді. Өзге ұлт өкілдерінің ұжымдары да бар. Алтын адамның киімін киген әртістерді де байқауға болады.Бүгін Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттер бірнеше жерде өтеді. Олар:- Астана алаңында "НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ" концерті (11:00-де);- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында (11:00-де);- Абай атындағы алаңда (12:00-де).Сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Ал Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/15/43057880_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3f8774ffa5f0e781d0d5b9cc4d4d47d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматыда Наурыз мейрамының негізгі шаралары басталды. Бүгін қала көшелеріне "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мерекелік керуен Абай даңғылымен Достық даңғылынан басталды. Қазақ батырлары, бүркітшілер мен ақындар бастап келе жатқан шеру Абылай хан даңғылына бұрылып, Астана алаңына дейін жүріп өтеді.
Ол жерде концерттік бағдарлама басталып кетті. Мерекелік керуенге 1000-ға жуық адам қосылды.
Керуеннің басында доңғалағы бар киіз үй, ал жан-жағында жібек мата тиелген түйелер, әртістер мен аңшылар жүріп келеді. Өзге ұлт өкілдерінің ұжымдары да бар. Алтын адамның киімін киген әртістерді де байқауға болады.
Бүгін Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттер бірнеше жерде өтеді. Олар:
- Астана алаңында "НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ" концерті (11:00-де);
- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында (11:00-де);
- Абай атындағы алаңда (12:00-де).
Сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Ал Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.