Ресей президентінің сайлауы - 2024

Путин Ресей президенті сайлауында шет елдерде 72,3% дауыс жинаған

Шетелдегі 288 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған дауыс беруге барлығы 383 553 адам қатысты
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Өзін-өзі ұсынған Владимир Путин Ресей президенті сайлауында шет елдерде 72,3 пайыз дауыс жинады. Бұл туралы РФ Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.
Мемлекеттік Думаның Қиыр Шығыс пен Арктиканы дамыту комитетінің басшысы Николай Харитонов 2,22% (РФ коммунистік партиясы), ЛДПР төрағасы Леонид Слуцкий - 1,97, мемлекеттік дума спикерінің орынбасары Владислав Даванков ("Новые люди") 16.65 дауыс алды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, шетелдегі 288 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған дауыс беруге барлығы 383 553 адам қатысты.
"Қазіргі мемлекет басшысы Владимир Владимирович Путинге сайлаушылардың үштен екіден астамы дауыс берді", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Булаев.
Ресейдегі президент сайлауына жалпы сайлаушылардың 77,44 пайызы қатысты.
Хаттамалар 100 пайыз өңделгеннен кейін Путин 87,28 пайыз дауысқа ие болды.
Сегіз миллионнан астам сайлаушы қашықтан электронды дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды, ал тағы 2,6 миллионға жуық сайлаушы өз таңдауын мерзімінен бұрын жасады.