Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

Путин Ресей президенті сайлауында шет елдерде 72,3% дауыс жинаған

© Sputnik / Санат ИмангалиевРесей президентінің сайлауы кезінде Астанадағы ресейлік сайлаушылар ұзын-сонар кезекке тұрды
Ресей президентінің сайлауы кезінде Астанадағы ресейлік сайлаушылар ұзын-сонар кезекке тұрды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Шетелдегі 288 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған дауыс беруге барлығы 383 553 адам қатысты
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Өзін-өзі ұсынған Владимир Путин Ресей президенті сайлауында шет елдерде 72,3 пайыз дауыс жинады. Бұл туралы РФ Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.
Мемлекеттік Думаның Қиыр Шығыс пен Арктиканы дамыту комитетінің басшысы Николай Харитонов 2,22% (РФ коммунистік партиясы), ЛДПР төрағасы Леонид Слуцкий - 1,97, мемлекеттік дума спикерінің орынбасары Владислав Даванков ("Новые люди") 16.65 дауыс алды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, шетелдегі 288 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған дауыс беруге барлығы 383 553 адам қатысты.
"Қазіргі мемлекет басшысы Владимир Владимирович Путинге сайлаушылардың үштен екіден астамы дауыс берді", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Булаев.
Ресейдегі президент сайлауына жалпы сайлаушылардың 77,44 пайызы қатысты.
Хаттамалар 100 пайыз өңделгеннен кейін Путин 87,28 пайыз дауысқа ие болды.
Сегіз миллионнан астам сайлаушы қашықтан электронды дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды, ал тағы 2,6 миллионға жуық сайлаушы өз таңдауын мерзімінен бұрын жасады.
Жаңалықтар
0