Қызылорда облысында жауапсыз әкелерден 40 млн теңге өндірілді

Алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкердің үстінен қылмыстық іс тіркелді
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында 2 айда 40 млн теңге алимент өндірілді, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Биыл екі айда 43 жалғыз басты ананың пайдасына 40 млн теңге алимент өндіріліп, 64 борышкер әке әкімшілік жауапқа тартылды.
"Ал 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкердің үстінен қылмыстық іс тіркелді", - дейді ведомство.
Баласына алимент төлемеу үшін жұмыс орындарын жасыратын әкелер де қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
"Мысалы, борышкер Н.Н. өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған. Осыған орай Қармақшы ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық істі тіркеді, айыпталушыға сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді", - дейді прокуратура.
Алимент төлемеген астаналық борышкерлердің 10 көлігі айып тұрағына қойылды