https://sputnik.kz/20240319/qyzylorda-oblysynda-zhauapsyz-akelerden-40-mln-tenge-ondirildi-42986530.html
Қызылорда облысында жауапсыз әкелерден 40 млн теңге өндірілді
Қызылорда облысында жауапсыз әкелерден 40 млн теңге өндірілді
Sputnik Қазақстан
Алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкердің үстінен қылмыстық іс тіркелді 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T22:43+0500
2024-03-19T22:43+0500
2024-03-19T22:43+0500
алимент
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында 2 айда 40 млн теңге алимент өндірілді, деп хабарлады облыстық прокуратура.Биыл екі айда 43 жалғыз басты ананың пайдасына 40 млн теңге алимент өндіріліп, 64 борышкер әке әкімшілік жауапқа тартылды.Баласына алимент төлемеу үшін жұмыс орындарын жасыратын әкелер де қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр."Мысалы, борышкер Н.Н. өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған. Осыған орай Қармақшы ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық істі тіркеді, айыпталушыға сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді", - дейді прокуратура.
https://sputnik.kz/20240316/aliment-tolemegen-astanalyq-boryshkerlerdin-10-koligi-ayyp-turagyna-qoyyldy-42934231.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_307:0:3768:2596_1920x0_80_0_0_9c1e72cfe416c7fa6d56736b6cfe7354.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент, қызылорда облысы
алимент, қызылорда облысы
Қызылорда облысында жауапсыз әкелерден 40 млн теңге өндірілді
Алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкердің үстінен қылмыстық іс тіркелді
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында 2 айда 40 млн теңге алимент өндірілді, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Биыл екі айда 43 жалғыз басты ананың пайдасына 40 млн теңге алимент өндіріліп, 64 борышкер әке әкімшілік жауапқа тартылды.
"Ал 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкердің үстінен қылмыстық іс тіркелді", - дейді ведомство.
Баласына алимент төлемеу үшін жұмыс орындарын жасыратын әкелер де қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
"Мысалы, борышкер Н.Н. өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған. Осыған орай Қармақшы ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық істі тіркеді, айыпталушыға сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді", - дейді прокуратура.